Алматы облысында кадеттер полицейлердің өмірімен танысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Өтеген батыр ауылының №7 орта мектебінің негізінде ашылған кадет сыныбының оқушылары Ішкі істер департаментінің ғимаратын аралап, тәртіп сақшыларының қызметтегі тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Кадет сыныбы биыл қыркүйек айында облыстық полиция басшысы, генерал-майор М. Ұрымхановтың ұсынысымен ашылған болатын. Игі бастама өңір басшылары мен құзырлы министрліктер тарапынан қолдау тапты. Ел аумағында ашылған алғашқы сыныпта 34 оқушы оқиды. Олардың 12-і қыз бала болса, 22 ұл. Саяхат барысында кадеттер жедел басқару орталығы, жедел криминалистика басқармасы және кинология орталығын аралап, тәртіп сақшыларының жұмысымен жақынырақ танысты.

null 

Оқушылар генерал Болсамбеков атындағы ішкі істер департаментінің музейі, М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, рухани азық алды. Болашақ полиция қызметкерлерін даярлау мақсатында ашылған кадет сыныбының оқушылары бұл саяхаттан әсерленіп, өздеріне қызықты ақпарат жинап қайтты.

null 

Соңғы жаңалықтар