Алматы облысында голланд технологиясымен жылыжайлар құрастырылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық фермерлер голланд технологиясымен жылыжай құрастыратын зауыт салды. Аталған кәсіпорынның жұмысы жайында оның директоры Бауыржан Баймұханбетов «Жылыжайлар. Көкөніс шаруашылығы. Алматы суландыру және гүлдер - 2018» көрмесі аясында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, бұл саладағы нарық жан-жақты зерттелген және үлдір жылыжайдың келмеске кеткендігіне көз жеткізілген. Қазіргі уақытта фермерлерге тиімділігі жоғары жылыжайлар қажет.

«Біз зауыт салуға және технологияны голландық компаниядан сатып алуға шешім қабылдадық. Зауытты жалпы сомасы 2 млрд теңге болатын жеке инвестиция есебінен салдық. Өткен жылы зауыт іске қосылды. Біз негізінен жылжай қаңқасын әзірлейміз. Ал қалған шыны, ауа температурасын реттеуге арналған аппараттар мен жарықтандырғыштарды Голландия, Италия және Израильден әкелеміз. Жылыжай қаңқасын жергілікті алюминий мен металлдан жасаймыз. Жергілікті шикізат пен жұмыс күшінің арқасында жылыжай құрылысы біздің фермерлер үшін біршама арзанға түсіп отыр. Фермерлер жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын қызанақ пен қияр өсіруге арналған шыны жылыжайға тапсырыс берді. Қаңқасы дайын, монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Күзге қарай жылыжай құрылысы толық аяқталады», - деді Бауыржан Баймұханбетов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерде бір жыл бойы жергілікті өнімнің жоғары өнімділігіне кепілдік беріледі. Сонымен қатар мамандардың кеңесі де ұйымдастырылады.

«Бүкіл әлемде голландия технологиясының бұл салада ілгері екендігін біледі. Үлдір арқылы өнім алып отырған біздің фермерлерге қараған олар үш есе көп өнім жинайды. Соған сәйкес өнімнің өзіндік құны да арзанға түседі. Әрине, шыны жылыжай қымбатқа түседі. Бірақ, пайдалану барысында ол тиімді болады. Үлдірді 2-3 жылда ауыстырып тұру қажет. Ал шыны 30 жылға дейін қызмет етеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар