Алматы облысында еңбек ардагерінің 20 медалін ұрлап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында еңбек ардагерінің мемлекеттік наградаларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті. 25 және 30 жастағы азаматтар жасаған қылмыстарын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Көксу ауданында болған. 6 қаңтар күні аудандық полиция бөлімшесіне 91 жастағы қария арызданған. Анықталғандай, жаңа жыл түнінде ақсақал  көршісінің үйіне шығып кеткен. Осы сәтте жалғызбасты зейнеткердің үйіне ұры түсіп, 7 мың теңге ақшасын және 20 медалін ұрлап кеткен. Алғашқыда тек ақша жоғалды деген ақсақал құзырлы органға шағымданбаған. Бірақ, соңында мемлекеттік наградаларын да ұрылардың қолды еткенін білген.

«Полиция капитаны Талғат Оспанғазы мен полиция лейтенанты Жанат Сейілбеков бірнеше күннің ішінде жергілікті екі тұрғынды  күдікті ретінде  анықтап, ұстады.  25 және 30 жастағы күдіктілер кәніларын мойындады.  Ұрланған медальдардың жартысы иесіне қайтарылды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Көксу ауданының полицейлері тергеуді жалғастыруда. Күдіктілердің сөзінше, еңбек ардагеріне тиесілі бірнеше медальді жоғалтып алған. Тәртіп сақшылары жоғалған мемлекеттік наградаларды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. 

Соңғы жаңалықтар