Алматы облысында екі жас бала ыстан уланып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысының Ұйғыр ауданында екі бала ыстан уланды. Қазір науқастар Шонжы ауылындағы аудандық ауруханада ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД мамандардың айтуынша, балалар қатты отынмен жылытылатын пештің ақауынан уланған. Дәлірек айтқанда мұржаның бітелуі себеп болған.  Қазір 2011 және  2012 жылы туған балалардың жағдайы орташа-тұрақты. Олар дәрігерлердің бақылауында.

«Адамдардың улануы және қаза болуының негізгі себептері пештерді орнату және пайдалану кезінде ережелерді бұзғандықтан және уақтылы түтіндіктерді тазаламағандықтан болған. Пешке таза ауаның жеткіліксіз болуы үйдің ішінде улағыш газдың таралуына әкеп соғады. Сондықтан пештің мұржаларын, құдықтарын уақтылы тазалап отыруын сұраймыз», деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қапшағай қаласына қарасты Қосқұдық станциясында тұратын бір отбасының 4 баласы ыстан уланып, ауруханаға  түскенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар