Алматы облысында екі тас жол әлі жабық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында екі жол учаскесі әлі жабық тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазақавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.

«15 қаңтар күні сағат 09:00-ден бастап дауыл тұрып, көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты «Үшарал-Достық» автожолының Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі (83-184 км) учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.

Сағат 13:00-ден бастап қарлы боранның соғуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 287-558 км учаскесі жүк көліктері үшін жабылды», - делінген хабарламада

Картадағы жедел ақпарат мына сілтемеде: https://kazavtodor.soft.kz/cr/map

Соңғы жаңалықтар