Алматы облысында екі оқушы бірігіп үйлерінен қашып кеткен

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бірігіп үйлерінен қашқан ұл мен қыз табылды. 12 жастағы оқушыларды екі күн бойы іздеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2006 жылғы жасөспірімдер Іле ауданында тұрады. Байсерке ауылы маңындағы саяжайлардың бірінде тұратын олар 19 ақпан күні үйлеріне оралмаған.

«Іздеу жұмыстары Алматы қаласында да жүргізілді. Мұғалімдер мен мектеп инспекторлары екі баланы «Саяхат» ауданынан тапты. Олар екі күн бойы осы жерде қаңғып жүрген және сол маңда түнеген. Қазір оқушылар ата-анасына тапсырылды. Айта кету керек, екі оқушы бір мектепте оқымайды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, екі оқушының  үйден қашуы алғашқы  жағдай емес екен. Осы жайтқа байланысты олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, жауапты мамандар барлық құжаттарды  жинап, жасөспірімдер ісімен айналысатын әкімдіктегі комиссияға тапсырған. Енді жасөспірімдердің ата-анасын ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар