Алматы облысында екі ауылды су басты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданындағы Көктал жəне Əулиеағаш ауылдарын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД ресми мәліметі бойынша, Көктал ауылында 11 үйді, 46 ауланы,  ал  Әйлиеағашта  7 ауланы және 1 үйді су басқан.

null 

Панфилов ауданының əкімі Бердəулет Ешенұлының айтуынша, қызыл су қатты жауған нөсердің салдарынан жайылған. Таулы аймақтан аққан жауын суы аулаларға кірген.

«Бұған дейін мұндай жауынды көрмедік. Бұршақтың өзі 30 минуттай  жауды. Ауыл ақсақалдары өмірі болмаған жағдай деп отыр. Екі ауыл таудың етегінде орналасқан. Қазір су басқан аймақтарды тазалау, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Халық ақырындап үйлеріне оралуда», - деді аудан əкімі.

Қазір су басқан аймақтарды тазалау жұмыстары жалғасуда. Жауын 25 мамыр күні жауған. ТЖД мәліметінше, үйлер мен  қоражайлардың қирауы тіркелмеген.

null 

Соңғы жаңалықтар