Алматы облысында дәмханаға барған жігітті өлтіріп кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысында дәмханаға барған жігіт пышақ жарақатынан мерт болды. Оқиға Алакөл ауданында қаңтардың 2-нен 3-не қараған түні  болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

35 жастағы жігіт ауруханада есін жимастан көз жұмды. Анықталғандай, Үшарал қаласындағы дәмханалардың бірінде екі жігіт сөзге келіспей қалған.

«Жігіттің біреуі кафеден шыға берісте бірінің иығынан итеріп жіберген. Содан соң екеуі далада төбелесіп, соңы адам өлімімен аяқталған», деп мәлім етті  облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Алакөл ауданының  полицейлері оқиға орнына келіп, күдіктіні бейнебақылау камерасының көмегімен анықтады.  Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар