Алматы облысында далада адасып кеткен зейнеткер бір күннен соң табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ақсу ауданы Көшкентал ауылдық округіндегі «Шайтума» учаскесіне саңырауқұлақ теруге шыққан 72 жастағы Антонина Пак есімді әйел адасып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 21 сәуірде болған. Зейнеткердің туыстары жергілікті құтқарушылардың көмегіне жүгінген болатын. 

«2018 жылдың 22 сәуірінде таңғы 6-дан Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару отряды, өртке қарсы қызметі, Ақсу АІІБ қызметкерлері іздеу жұмыстарына жұмылды. Жалпы іздеуге 35 адам мен 9 техника бірлігі тартылған болатын», - деп атап өтті облыстық ТЖ департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Айта кетерлігі, іздеу жұмыстары нәтижесін берді. Зейнеткер қарт 22 сәуір күні табылып, ол Талдықорған қаласындағы тұрғылықты жеріне жеткізілген. Медициналық көмектен бас тартқан, қазір жағдайы жақсы.

Соңғы жаңалықтар