Алматы облысында бұдан былай тыл еңбеккерлеріне шипажайға тегін жолдама беріледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында бұдан былай тыл еңбеккерлеріне шипажайға тегін жолдама беріледі. Биыл облыс қазынасынан бөлінген қаржыға 1600 соғыс ардагері мен мүгедегі және ардагер жесірлері денсаулығын түзеп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда өткен ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында облысы әкімі Амандық Баталов келер жылы бұл қаражат еселене түсетініне сенім білдірді. Жиын барысында Жетісу өңірінің дамуына атсалысып жүрген қариялар мерейтойлық медальдармен, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ «Қариясы бар ел - қазыналы ел» атты кітаптың тұсауы кесілді. Топтамада Екінші дүниежүзілік соғыстағы батырлардың ерліктері, өңірдің дара тұлғалары мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан азаматтар әңгімеленеді.

Соңғы жаңалықтар