Алматы облысында биыл 44 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында 44 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Соның 31-і «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін облыс әкімдігінде аудан қала әкімдерінің қатысуымен «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша атқарылатын ауқымды іс-шаралардың жоспары жан-жақты талқыланды.

Жетісу жерінде аталған бағдарлама аясында үш жылда жалпы құны 85,3 миллиард теңгенің 109 жобасы жүзеге асуы тиіс. Өткен жылы 69 жобаға 38 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Соның арқасында қолданысқа беріледі деп жоспарланған 7 мектеп пен 3 балабақша іске қосылды. Сондай ақ Талдықорған мен Қаратал, Алакөл ауданындағы темір жол вокзалдары күрделі жөндеуден өтіп, әр ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтеруі тиіс. Көпқабатты тұрғын үйлермен қатар Талдықорған қаласынан коттедж қалашығы салынады.

«Уақытылы жүзеге аспай қалған әрбір жоба үшін аудан, қала әкімдері заң алдында жауап беретін болады»,- деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар