Алматы облысында бір үйден үш әйелдің мәйіті табылды

None
None
    ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында үш әйелдің мүрдесі жер үйлердің бірінен табылды. Оқиға 25 наурыз күні түстен кейін Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марқұм болған жандар бір отбасының мүшелері. 1930 жылғы кейуана, оның 1967 жылғы қызы және 1994 жылғы жиен немересі бірнеше жерінен алған пышақ жарақатынан көз жұмған. Көршілерінің сөзіне қарағанда, қайтыс болған 1994 жылғы қыз Алматы-2 теміржол вокзалының кассасында жұмыс істеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы қыз жігітімен сөзге келіп қалған. Соның салдарынан 22 жастағы жігіт  бір отбасының үш мүшесін пышақтап, өлтіріп кеткен.
Артынша күдік келтіріп отырған 1996 жылғы жігіт өзін де бірнеше рет пышақтаған. Кейіннен күдікті дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
null

Соңғы жаңалықтар