Алматы облысында бір күнде 5 бала суға кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында бір күнде 5 бала суға кетіп, ажал құшты. Қайғылы жағдай 8 мамырда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қара жамылған жанұяның бірі Райымбек ауданының тұрғындары. Бір отбасы бір күнде 3 бірдей баласынан айырылып қалды. 2012, 2014 және 2015 жылғы балалар Талас ауылы маңындағы қыстақ аумағында ойнап жүрген. Балалар су құбыры жанынан қазылған шұңқырдағы суға құлап кеткен. Қайғылы жағдай балалардың үйінен 300 метрдей  жерде орын алған. Анасы бұл сәтте үйінде болған. Ал әкесі шаруаларымен шығып кеткен екен.

Ал тағы бір оқиға Ескелді ауданының Теректі ауылы маңында тіркелді. Ол жерде екі  қыз тілсіз жаудың құрбаны болды. Куәгерлердің айтуынша, қыздар  саңырауқұлақ теруге кетіп, үйлеріне оралмаған. Анықталғандай, ауыл тұрғыны өзінің екі қызы және көршінің бір қызын алып, саңырауқұлақ теруге шыққан. Бірақ келіншек өзінің кішкентай қызын алып, үйіне қайтып кеткен. Кешке қарай, көршінің қызымен қалған баласының үйге оралмағанынан кейін іздеуге кіріскен. Ізім-қайым жоғалғандарды 100-ден астам адам іздеді. Өкінішке орай, 11 және 13 жастағы балалардың денесі келесі күні, яғни 9 мамырда Теректі өзенінен табылды.

Алматы  облыстық ТЖД өкілдері балаларды ата-ананың бақылауынсыз қалдырмауды сұрайды. Себебі, аталған қайғылы оқиғалар жасөспірімдердің абайсыздығынан орын алып отыр. Егер осы сәтте балалардың жанында  үлкендер болса, бәлкім мұндай қайғылы жағдайлар орын алмас еді, дейді төтеншеліктер.

Соңғы жаңалықтар