Алматы облысында білім бөлімінің бастығы пара бергені үшін сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында пара бергендері үшін Алакөл ауданындағы білім бөлімінің бастығы және аталған бөлімнің қызметкері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алакөл аудандық соты айыпталушылардың әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған азаматтар 400 000 теңге мөлшеріндегі параны Алматы облысының Ішкі аудит департаментінің маманына аудиттік тексеруге оң қорытынды жасау үшін берген.

Осы маман да 4 жыл 6 айға пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар