Алматы облысында әйел мен баланы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тас жолында әйел адамды кішкентай баласымен бірге қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізуші ұсталды. Қазіргі таңда Қаскелең қаласының тұрғыны өз қылмысын мойындап, түсініктеме беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Алматы-Бішкек тас жолының 27-шақырымында сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түні болған.

Жол көлік оқиғасы болған жерден 38 жастағы әйелдің және оның нәрестесінің мәйіті табылды. Адамдарды қаққан азамат апат орнынан бой тасалаған.

Сарапшылар оқиға орнынан табылған пластмас бөлшектердің «Мазда СХ-7» көлігінің фрагменттері екенін анықтады. Жедел іздестіру барысында көлік жүргізушісінің кім екені анықталып, күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қаскелең қаласының тұрғыны адам қаққанын мойындап, түсініктеме бере бастады.

Алматы облыстық  ІІД баспасөз  қызметінің мəліметінше, қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылған.

Фото: ntv.ru

Соңғы жаңалықтар