Алматы облысында автобустан есірткі табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы-Бішкек тас жолының бойында тәртіп сақшылары иісшіл ит көмегімен жолаушылар автобусынан есірткіге ұқсас шөп тауып алды. Салмағы 2 кг болатын дорбадағы зат қарасора (марихуана) болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткіге ұқсас зат салынған спорттық сөмкені лабродор тұқымдас иісшіл ит тауып алған. Қызметтік иттің лақап аты «Лана» екен. Жалпы Алматы облыстық ІІД кинологиялық қызметінде 20-дан астам қызметтік ит бар.

Жыл басынан бері олардың көмегімен 20 қылмыстық іс ашылған. Бұл үй жануарлары есірткі, жарылғыш заттарды, адам іздеуге үйретілген. Сондай-ақ иттер патрульдік қызметте, күзетте қолданылып келеді. Биыл иттердің көмегімен ашылған қылмыстардың негізі ұрлық.

Сондай-ақ есірткі тасымалымен төрт қылмыстың жолы кесіліп, 50 кг есірткі зат тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар