Алматы облысында ауыл мектебінің атауы қазақшаланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Сарқан ауданындағы білім ошағы ауылдың атымен аталатын болды. Алмалы елді мекеніндегі Новопокровка орта мектебінің атауы араға 66 жыл салып қазақшаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

95 жылдық тарихы бар оқу ордасындағы бұл өзгеріске ауыл жұрты қуанып отыр. Қазір Алмалы мектебінде 600-ден астам оқушы білім алады.

«Бұл мектеп сан қыранды самғатқан - алтын ұя. Қазақ күресінің қара нарлары Әбілхан Айханов пен Аманжол Бұғыбаевтар осында оқыған. Қазір даңқты спортшылардың ізін жалғап Қазақстан атын әлемге танытып жүрген шәкірттер білім алады. Мәселен, Еркебұлан Бегасылұлы әлем чемпионатының күміс жүлдегері» дейді Алмалы орта мектебінің директоры Жамал Құлахметова.

Білім ордасы 1922 жылы бастауыш мектеп болып ашылған. 1951 жылдан бері «Новопокровка» атымен аталып келді.

Соңғы жаңалықтар