Алматы облысында ата-анасы бас тартқан нәрестені асырап алу жеңілдеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында анасы жаңа туған нәрестеден бас тартып, немесе тастап кеткен жағдайда сәбиді қамқорлыққа алу процедурасы жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын бала туған сәттен оның құжаттарын асыранды ата-аналарға рәсімдеу ұзақ мерзімге созылатын. Талғар ауданының прокуратурасы қолданыстағы заңнамаларды зерделеп, баланы асырап алу емес, қамқорлыққа алу арқылы қалыптасқан тәжірбиені бұзды.

Нәтижесінде Талғар ауданында екі отбасы санаулы күнде ғана жаңа туған нәрестелерді өз қамқорлығына алды. Яғни дүние есігін жаңа ашқан екі сәби перзентханадан жетімдер үйіне емес жаңа отбасыларына барды.

Бұл тәжірбие ҚР «Неке және отбасы» Кодексіне ешқандай қайшы емес. Бұл жоба Алматы облыстық прокуратурасының «Жетімдер үйінсіз Жетісу» атты ауқымды бағдарламаның аясында жергілікті биліктің қолдауымен жүзеге асты. Жалпы осы жоба арқылы Жетісу жерінде 150-ден астам бала өз отбасын тауып, мейірімге бөленді.

Соңғы жаңалықтар