Алматы облысында әлеуметтік көмекші міндетін атқармаса да жалақы алып отырған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында әлеуметтік көмекші жалақысын алып, міндетін атқармаған. Аталған жағдай Сарқан ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай олқылықтарды Сарқан ауданының прокурорлары анықтады. Олар таратқан мәліметтерге қарағанда, Нареубаева Е. Н есімді азаматқа тиісті заң талаптарына сәйкес жетісіне екі рет әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс болған. Алайда, бұл жұмыстар тек құжат жүзінде жүзеге асқан. Есесіне, әлеуметтік көмекші апта сайын емес, айына бір-екі реттен төбе көрсетіп, тұрақты жалақысын алып отырған. Енді міндетін толықтай атқармаған маман жауапқа тартылатын болды.

Сондай-ақ Сарқан ауданының прокуратурасы 1938 жылы туған Үсенов есімді қарияның әлеуметтік көмекке мұқтаж бола тұра, оның арнайы тізімге тіркелмегендігін анықтаған. Демек, Сарқан ауданының әлеуметтік сала мамандары осы тұрғыда салғырттық танытып, қарияны көмексіз қалдырған. Енді аудан прокуратурасы тарапынан Үсеновқа әлеуметтік көмекшіні бекіту бойынша ұсыныс жасалды.

Соңғы жаңалықтар