Алматы облысында адасып кеткен 6 тұрғын аман-есен табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында 6 тұрғын аман-есен табылды. Балық аулау мақсатында белгісіз бағытқа жолға шыққан олардың көліктері сынып, екі тәулік бойы  далада түнеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қаратал ауданында орын алды. 12 ақпан күні  6 адам  балық аулау үшін, алдын ала баратын орынды білмей жолға шығып кеткен көрінеді.

Адасқан топтың көліктері «Келті» өзенінің маңында бұзылып,   далада қалған. Дегенмен араларында аяздан үсік шалып,  зардап шеккендер жоқ.

«Іздестіру жұмыстары осы орындарда ұялы телефон байланысының кейбір жерлерде ұстамауынан және де жоталы аумақтар болуы себебінен қиындық туғызды. Қаратал аудандық ТЖ бөлімінің жетекшілігімен іздестіру тобы азаматтарды тауып, құтқару және бұзылған автөкөліктерді қалың қардың құрсауынан алып шығу жұмыстарын жүргізді», деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
null  

Айта кету керек, балық аулауға кетіп, жоғалғандар жөніндегі суыт хабар 13 ақпан күні  № 30 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне түскен.  Осы ақпарат дер кезінде Қаратал аудандық әкімшілігіне, Каңбақты ауылдық әкімшілігіне, учаскелік полиция қызметіне және аудандық прокуратураға жеткізілді. Оқиға орнына жедел құтқару тобы шығып, тұрғындар 14 ақпанда аман-есен табылды.

null 

Соңғы жаңалықтар