Алматы облысында 8 адам ыстан уланып, көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында жылыту маусымы басталғалы 8 адам ыстан уланып, көз жұмған. Тағы 11 адам  пештен шығатын улы газдан зардап шеккен. Оның тең жартысы балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда мұндай деректер 4 есе өскен. Бұл көрсеткіштер төтенше жағдайлар департаментінің мамандарын алаңдатып отыр. Сондықтан сала мамандары ақпан айын қауіпсіздік шараларын түсіндіру айлығы болып белгілеп рейдтерге шыға бастады. Ал қайғылы жағдайлар көбіне пештің дұрыс салынбауынан және уақтылы тазаламаудан болады, дейді Алматы облыстық ТЖД бас маманы Толқын Қатышева. Төтеншеліктер қала іргесіндегі ауылдар мен саяжай аумақтарын аралап, үнпарақтар таратып жүр. Сондай-ақ мектептерде ата-аналар жиналысын өткізіп, тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертуде.

Соңғы жаңалықтар