Алматы облысында 5774 мемлекеттік қызметкер тестілеуден өтеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері тестілеуден өтіп жатыр. Бір күнде 200 жуық адам арнайы сынақ тапсырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешенді аттестаттауды алғашқы болып «Б» корпусының басшылық лауазымындағы  қызметкерлер тапсырады. Жеке құзыреттерін бағалауға арналған тестілеуден өтіп жатқандар арасында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаментінің басшылары, мәслихат аппаратының басшылары, облыстық тексеру комиссиясы аппаратының басшысы, мәслихат аппараты басшысының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы (хатшылығы) аппаратының меңгерушісі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары, аудан/қала әкімдерінің орынбасарлары бар.

Арнайы тестілеу  мамандандырылған ХҚКО (автоцон) ғимаратында өтіп жатыр.

Аталған аттестаттау жұмыстары 2017 жылдың І жартыжылдығында толығымен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар