Алматы облысында 56 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында Бәйтерек ауылының 56 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Өңірлік ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 31 жастағы ер адам жедел-іздестіру шаралары кезінде ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Еңбекші қазақ аудандық ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 120 бабы 2 бөліміне «Зорлау» әрекеті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Осыған дейін әйелді Есік қаласындағы ауруханадан шығарғаны туралы хабарлаған. Туыстары оның жағдайы ауыр екенін айтуда.

Еске сала кетейік, зорланған әйел туралы оның ұлы айтқан. Ол «Зорлыққа қарсы #НеМолчи ұлттық қозғалысының» көмегіне жүгінді. Оның сөзіне қарағанда, Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Бәйтерек ауылындағы үйінде әйелді соққыға салған.

Соңғы жаңалықтар