Алматы облысында 5 баласына алимент төлемеген ана жауапкершілікке тартылды

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында бес баласын тастап, алимент төлемей жүрген ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азаматшаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл  салынды. Ал 35 жастағы келіншек күйеуімен 2016 жылы заңды түрде ажырасқан. Алайда балаларды өзіне қалдырудан бас тартқан. Содан бері кәмелетке толмаған 2 ұл 3 қызды әкесі асырап келеді. Сот шешімімен былтыр азаматшаға алимент төлеу міндеттелген. Бірақ бір жылдан астам уақыт бойы әйел бір тиын да төлемеген. Қазіргі таңда келіншектің туған балаларының алдында 1 млн  теңгеден астам берешегі бар. Бір жыл бойы із-түссіз жоғалған әйелге құзырлы орган іздеу жариялап, Қарағанды облысынан тапты. Келіншек сол өңірдің тумасы екен. Ол сот алдында тұрақты жұмысым болмағандықтан, алиментті төлей алмай жүрмін деп ақталды.

Соңғы жаңалықтар