Алматы облысында 45 мемқызметші әкімшілік жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаменті 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Департамент басшысының орынбасары Данияр Сабырбаев ӨКҚ алаңындағы брифингте мәлімдегендей, 2017 жылы ведомство 45 мемқызметшінің үстінен әкімшілік іс қозғаған. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама 99-бап бойынша, яғни мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін толтырылған.

Қазіргі таңда мемлекеттік бюджетке төленген қаржы 4729086 теңгені құрайды. 

Соңғы жаңалықтар