Алматы облысында 4 адам тікұшақпен құтқарылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 4 адам тікұшақпен құтқарылды. Оның екеуі кішкентай балалар деп, хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

null
Облыстық ТЖД-і баспасөз қызметінің мәліметінше, шұғыл түрде әрекет етуге өзен суының жайылуы себеп болған. Оқиға Балқаш ауданында орын алды. Іле өзені маңында орналасқан шаруа қожалықтарының ауласын су басқан. Судың тереңдігі жарты метрге толмайды дейді, мамандар.

null

Аталған аймақта «Ахмет», «Самат» және «Дәулет» қожалықтарының 7-і өкілі тұрады. Қазір 4-і арнайы тікұшақпен құтқарылды. Қалған үш адам қожалық басында.

Өзен суының не себепті көтерілгені анықталды. Белгілі болғандай, Іледегі мұздар қатып, шұға пайда болған. Соның салдарынан өзен арнасынан шығып, жайылған. Аталған елді-мекендерді су басу қаупі жоқ дейді, ТЖД.

null  

Соңғы жаңалықтар