Алматы облысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқапарат some.kz сайтына сілтеме жасап.

Жер сілкінісін «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 11 желтоқсан күні 16 сағат 13 минут 52 секундта тіркеді.

Оның ақпараты бойынша, зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында - Алматы облысында болған. Тереңдігі - 25 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.1. Магнитудасы  - 4.1. 

Соңғы жаңалықтар