Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 9 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Алматы облысында 3 жасар баланы қорлаған күтуші әйелге үкім шықты

2018 жылғы 17 сәуір 18:10 350
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 3 жасар баланы қорлаған күтуші әйелге үкім шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында үш жасар баланы азаптаған күтуші әйелге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР АШМ-ның бұрынғы инспекторларына сот үкімі жарияланды Астанада қылмыс ең көп тіркелетін орын аталды

Жергілікті тұрғындардың үйіне күтуші болып жұмысқа орналасқан келіншек үш жасар баламен жалғыз қалған кезде оған айғайлаған, ұрып-соққан. Ол туралы баланың әке-шешесі үйге орнатылған бейнебақылау камерасынан білген.

«Айыпталушы өз айыбын мойындады. Ол сот шешімімен ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағына («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері») сәйкес, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген үкімде.

Облыстық сот өкілдерінің айтуынша, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат