Алматы облысында 25 жастағы жігіт жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматы облысы Талдықорған қаласының Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында 1992 жылы дүниеге келген Айбек Қабдулданов есімді жігіт жоғалып кетті. Туыстарының айтуынша, соңғы 2-3 жылда Алматыда тұрып жатқан жас жігіт 19 маусымнан бері байланысқа шықпаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Айбек Алматы қаласында пәтер жалдап тұрған. Соңғы екі-үш жылда Алматы мен Талдықорған қалаларының арасында жиі қатынап жүрген. Алматыдағы пәтер иесі қазіргі уақытта Айбектің басқа жаққа көшіп кеткенін хабарлапты. Жоғалған жігіттің немерелес інісі Санжар Тазабековтың айтуынша, Айбек Алматыда 18 маусымда туған күнін тойлаған. Ал 19 маусымнан бастап одан туыстары хабар-ошар ала алмай отыр.

«Қазіргі уақытқа дейін Айбек туралы ешқандай ақпарат ала алмай отырмыз. Анасына 2-3 күн сайын хабарласып тұратын. Қазір оның қайда екенін білмейміз. Уақытша аспаз болып жұмыс атқарған. Құқық қорғау органдарына Айбектің жоғалғаны туралы хабар бермекпіз», - дейді Санжар Тазабеков.

Туыстары Айбекті көрген-білгендер болса 8707 634 6181 немесе 8705 768 3634 нөміріне хабарласуды сұрайды.

                                                                                                                                  Аян Өрібаев

Соңғы жаңалықтар