Алматы облысында 23 жастағы жігіт оқушы қызды зорлады деп айыпталуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында  23 жастағы жігіт оқушы қызды зорлады деп айыпталуда. Бүгін осы іске байланысты алдын ала  сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс Талдықорған қаласындағы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде  қаралды. 14 жастағы жәбірленуші қыз да, сотталушы да Панфилов ауданының тұрғындары. Қазір 23 жастағы Ш.Е есімді күдікті ҚР  ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігінің 3-ші тармағына сәйкес яғни, кәмелеттік жасқа толмаған адаммен, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, бірнеше рет жыныстық қатынас жасаған деп айыпталуда.

Келесі сот отырысы Жаркент қаласында өтетін болды. Процесс 23-ші қарашаға белгіленді. Жәбірленуші тараптың заңды өкілі Кәмшат Есмұханбетқызы сотталушы бұған дейін бұзақылық жасап, істі болғанын айтады. Ал биыл 9-шы сыныпқа баруы тиіс қыз әлі мектепке бармаған. Қазір ол   психологтардың көмегіне жүгініп, кеңестерін алып жатыр екен.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бір ғана Панфилов ауданында болып жатқан алғашқы оқиға емес. 18 қазанда 13 жастағы оқушы қызды зорлады деп  айыпталған 16 жастағы мектеп оқушысына сот үкімі шықты. Биыл 11-ші сынып оқуы тиіс бала 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

null  

Соңғы жаңалықтар