Алматы облысында 17 мың жеке шаруа кооперативтерге бірікті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 17 мың жеке шаруа кооперативтерге біріктірілген. Өткен жылы 150 ауылшаруашылық кооперативі 3704 тонна ет, 20 мың тоннаға жуық сүт және 7 мың тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс өндірді. Бұл туралы бүгін өңір әкімі Амандық Баталовтың халықпен есеп беру кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атап өтілгендей, өткен жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 647,6 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,3% жетті.  Облыстың агроөнеркәсіп кешеніне 67 млрд теңге инвестиция тартылған. Жалпы сомасы 22,9 млрд теңге болатын 77 инвестициялық жоба іске қосылып, 1397 жұмыс орны құрылды.

«Өңір үшін стратегиялық маңызы бар дақылдар: майбұршақ көлемі - 9,3 мың гектарға, дәнді жүгері - 2,7  мың, қант қызылшасы 2,3 мың гектарға ұлғайды. Ал ауылшаруашылық дақылдардың жалпы көлемі 947,8 мың гектарға жетті. Егін шаруашылығы өнімінің өндірісі 2,2% ұлғайып, 1,3 млн тонна астық, 334 мың тонна қант қызылшасы, 293 мың тонна майлы дақылдар, 1,8 мың тонна картоп, жеміс және көкөніс өндірілді», - деді Амандық Баталов. 

Сондай-ақ аймақ басшысының айтуынша, облыста 1637 гектар бақ отырғызылған.

Айта кету керек, Алматы облысы ауылшаруашылық көрсеткіштері жағынан республикада бірінші орында тұр.

 

Соңғы жаңалықтар