Алматы облысында 15 жастағы оқушы жол апатынан мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысында  15 жастағы оқушы жол апатынан мерт болды. Оқиғаны облыстық білім басқармасындағылар растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін  Іле ауданындағы Байсерке ауылында болған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 8-сынып оқушысы  базар маңында орналасқан шаштаразда жұмыс істейтін анасына бара жатқан. Сол кезде жасөспірімді  көлік қағып кеткен. Анықталғандай,  15 жастағы оқушы кешеден бері сабаққа бармапты.

«Нұрбол 2018 жылдың 13,14 ақпан күндері сабақта болмаған. Сынып жетекшісі Файзуллина Асел 13 ақпан күні баланың сабақта болмағандығын анықтау мақсатында анасына қоңырау соққанда ұялы телефоны өшірулі болған. 14 ақпан күні үйіне барғанда Нұрбол үйде болмаған, 7-сыныпта оқитын інісі Туғанбай Мақсат сағат 12:00-де шамасында үйден шығып кеткенін айтқан. Нұрболдың қайда екендігін анықтау мақсатында сынып жетекшісі анасының жұмыс орнына барған. Сол жерде бір баланы көлік қағып кеткендігін естіп, оқиға орнына барғанда анасы баласын таныған. Оқиға орнында Нұрбол бірден қайтыс болған», деп мәлім етті облыстық білім басқармасы.

Қайтыс болған Нұрбол Туғанбай толық отбасынан шыққан. Жанұяда 3 бала бар.

Соңғы жаңалықтар