Алматы облысында 140 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 140 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр. Бүгін бұл жөнінде  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет басшысының жетісулықтармен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда Жеңіс Қасымбек облыс тұрғындарына «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуын түсіндірді. Сондай-ақ министр атқарушы билікке жер телімін таратпас бұрын инфрақұрылымын ретке келтіріп және бұл жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Жалпы биыл Алматы облысында  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көлемі 12,2 мың ш.м болатын тұрғын үй құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар облыс орталығында 2017 жылы оңтүстік-батыс тұрғын үй алабында 873 пәтерге арналған 9 үйді пайдалануға беру көзделген. Жоба құны - 6 107,1 млн.теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы Елбасы Жолдауындағы тапсырмалардың орындалуын пысықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Бақытжан Сағынтаевпен бірге облысқа 4 министр келіп, өз салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын түсіндірді. Олардың қатарында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамар Дүйсенова және  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтар бар.  

Соңғы жаңалықтар