Алматы облысында 14 мемлекеттік қызметші жұмыстан кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау жұмыстары аяқталды. Облыс бойынша осы сынақты жалпы 5514 тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Аттестаттау қорытындысы бойынша  жергілікті және орталық атқарушы органдардан  14 маман жұмыстан шығарылды. 71 қызметші өз лауазымынан төмендетілді. Сондай-ақ, 381 қызметшінің біліктілігіне сай қызметін жоғарылату ұсынылды. Ал қалғандары атқарып отырған лауазымына сәйкес деп танылды. Бүгінгі күнде төмендетуге ұсынылғандардың ішінде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы  басшысы Қаныбек Айтжанов бар. Енді ол бұдан былай басқарма басшысы емес, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына төмендетілді.  Ал облыс бойынша 27 адам аттестаттаудан түрлі себептерге байланысты өткен жоқ. Басым бөлігі сол сәттегі денсаулық жағдайын алға тартқан. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің өкілі Сымбат Исрапулованың айтуынша,  27 адам жыл соңына дейін сынақты тапсыруы  тиіс.

Соңғы жаңалықтар