Алматы облысынан қозылар тірідей Иранға ұшақпен экспортталып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өңір басшысы Амандық Баталов аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астанадағы «Шапағат» коммуналдық базарындағы ең төменгі бағаны назарға алып, облыстан жеткізілген өнімдердің құнын одан да арзандау сатып жатырмыз. Кейбір тауарлар 25-30 пайызға дейін арзандау. Біз негізінен елордаға көкөніс және сүт өнімдерін жеткіздік. Осы жәрмеңкеге шаруашылықтар  51 түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды. Жалпы, 842 миллион теңгені құрайтын 4,5 мың тонна өнім алып келдік»,- деді Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жексембай Бекешов.
null 

Оның сөзіне қарағанда, биыл үш рет Астанада ұйымдастырылған облыс жәрмекесінде жалпы 19 мың тонна өнім сатылды.
null 

«Атап айтқанда, тауарлардың өтімділігі жоспардағыдай болды. Қала тұрғындары мен қонақтары біздің өңірдің өнімдерін жақсы сатып алып жатыр»,- деді басқарма басшысы.
null 

Бұдан бөлек ол Алматы облысындағы ауыр шаруашылығы саласындағы жағдайға тоқталды.
null 

«Қазір дәнді дақылдарды жинау науқаны басталды. Шығымдылығы былтырғыдан жоғары. Бүгінде негізінен бидай, арпа, жүгері егістіктеріне орақ салдық. Сонымен қатар ет экспорты бойынша да келіссөздер жүріп жатыр. Бізде 4,5 миллион қой және 1 миллионнан астам ірі қара мал басы бар. Жалпы, етке ішкі нарықта сұраныс жақсы және оны толықтай қамтамасыз етіп отырмыз. Иран мемлекеті біздің өңірден қойды тірідей алып жатыр. Ірі шаруашылықтар жасалған келісімдер аясында күзге қарай қозыларды ұшақпен экспортқа аталған елге шығарады»,-деді ол.
null

null 

null 

null

null 

Соңғы жаңалықтар