Алматы облысы: Жоғалған оқушы қыз сүйіктісінің үйінен табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғалған оқушы қыз Жамбыл облысынан табылды. Жасөспірім Қордай ауылындағы сүйіктісінің үйінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД қызметкерлері қызды 11 күн бойы іздеген. Іздеу жұмыстарына Жамбыл аудандық ІІБ полицейлері, Қастек ауылындағы мектеп мұғалімдері мен туыстары қатысқан.

Алдымен олар ауыл ішін сүзіп өтіп, одан кейін елді мекен маңындағы аумақта іздеген. Сондай-ақ оқушының туыстары және құрбыларының үйлерін де қарап шыққан. Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары оқушының Жамбыл облысы Қордай ауылындағы жігітінің үйінде жасырынып жатқанын анықтады. 

Кеше қыз өз үйіне жеткізіліп, ата-анасына табысталды. Оқушыны ювеналды полиция қызметкерлері тіркеуге алып, онымен ата-анасының көзінше түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар