Алматы облысы мен Иранның БАҚ өкілдері өзара тәжірибе алмасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдік арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Маңызды құжат алты бағыт бойынша жүзеге асады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Біріншіден, БАҚ өкілдері, блогерлер арасында екіжақты тәжірибе алмасу, шеберлік дәрістер және кәсіби біліктілігін жоғарылату үшін халықаралық конференциялар, симпозиумдар, семинар-тренингтерге қатысу және өткізу көзделуде. Екіншіден  Ұлтаралық және дінаралық шиеленісті жоюдағы оң тәжірибені қолдану арқылы қарым-қатынасты нығайту. Сондай-ақ қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар, құжаттың тағы  маңызды бөлігінің бірі туризм саласына бағытталған. Аясында екі елдің тарихын, өнерін, мәдениетін, көрікті жерлерін таныстыру жағы қарастырылып отыр.

"Бұл біздің Талдықорған қаласына бірінші рет келуіміз. Дегенмен алдағы уақытта кино фестивальдары мен Иран өнерпаздарының концерттерін ұйымдастыратын боламыз. Сондай-ақ өзге де мәдени шараларды бірге өткізуге дайынбыз", дейді Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдік директоры Сейед Джавад. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Талдықорғанда Иран Ислам Республикасының мәдениет күні өтіп жатыр. Қаладағы Журналистер үйінде аталған елдің тарихынан сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылған. Сондай-ақ, қонақтарға мәдени-демалыс экскурсиясын ұйымдастыру жоспарлануда. Шара аясында олар жаңадан бой көтерген нысандарды аралап, тарихи-өлкетану мұражайының тыныс-тіршілігімен танысады.  

Соңғы жаңалықтар