Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 330.00
EUR 390.72
RUB 5.65
CNY 50.13

Алматы облысы Қытайдың Сычуань провинциясымен ынтымақтастықты дамытпақ

Алматы облысы Қытайдың Сычуань провинциясымен ынтымақтастықты дамытпақ
2017 жылғы 16 қыркүйек 03:37 520

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы мен ҚХР-дың Сычуань провинциясының арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Тараптар экономика, сауда, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашовтың Сычуань провинциясынан келген делегаттармен кездесуі барысында айтылды.

Кездесу барысында Л. Тұрлашов өңір экономикасын, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудың басымдықтарын атап өтті. Олардың қатарында сүтті және етті бағыттағы мал шаруашылығын индустриаландыру, қант өндірісі, сол сияқты интенсивті бақтардың алаңын ұлғайту шаралары бар. Сонымен қатар Л. Тұрлашов облыстың қолайлы инвестициялық климаты мен инвесторларға ашықтығын да тілге тиек етті.

Өз кезегінде делегацияны бастап келген Сычуань провинциясының Халықтық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Гао Фэн ұйымдастырылған кездесу үшін ризашылығын білдіріп, Сычуань провинциясының әлеуметтік-экономикалық өркендеуі жайлы баяндады. Сондай-ақ провинцияда ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамығанын айтып өтті. Сондықтан екі тараптың да ынтымақтастық орнатудағы әлеуеті мол.

Кездесу соңында қос тарап өзара екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

 

Басты сөздер: Алматы облысы, Қытай,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер