Алматы облысы Қырғауылды ауылында су басқан учаскелер саны нақтылануда - ТЖК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы ТЖД жедел тобы Қырғауылды өзенінің тасуы салдарынан су басуы ықтимал үйлердің санын нақтылау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Су басқан учаскелердің санын есептеу жұмыстарына  жауын кедергі келтіруде. Су басқан ауданға Алматыдан қосымша республикалық жедел құтқару жасағының күштері  (18 құтқарушы, 2 техника) келді. Суды ағызу жұмыстарын жүргізу үшін 8 мотопомпа дайындалды.  Жедел штаб жұмыс істеуде.

Соңғы деректерге сәйкес 151 саяжай мен учаскені су басты («Ақсай-19»  - 83 саяжай, учаске. «Труд» - 15 саяжай мен учаске, «Полет» - 12 саяжай, учаске, «Торпеда» - 21 сайжай, учаске). Сондай-ақ «Бота балалар орталығы» балабақшасын, Қырғауылды ауылында 20 ауланы су басты.

Соңғы жаңалықтар