Алматы облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында күн күрт суытады. Қазгидромет мамандарының болжауынша, 24-29 қаңтар аралығында облыс аумағы бойынша ауа температурасы -25-30, кей жерлерде -30-35 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда -20-35 градусқа дейін қатты аяз болады деп болжанып отыр. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыс тұрғындарына ескерту жарияланды. ТЖД-ның қызметкерлері халықты барынша абай болуға, үскірік аяз кезінде үйден шықпауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар