Алматы облысы Астанаға жаңа саябақ салып береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы елордаға отбасылық демалыс саябағын салып береді. Бұл туралы Астана әкімдігінің активімен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау кезінде Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды Elorda Info.

«Парктер мен алаңдарды көгалдандыру да маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Биыл бізде бірқатар маңызды жобалар бар. Астанада «Жетісу» отбасылық демалыс саябағы құрылады. Бұл жобаны Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында Алматы облысының әкімдігі жүзеге асырады. Отбасылық демалыс орындары, спорттық алаңдары мен әткеншектері бар өте әдемі саябақ болады», - деді Әсет Исекешев.

Қаланы жасылдандырудың басты жобасы - Ботаникалық бақ. Оның құрылысы 2018 жылы аяқталады. Қалада сондай-ақ сүрілетін апатты үйлердің орнына гүл бақтары салынатын болады.

«Сонымен қатар 60 шақырымнан астам велосипед жолдарын салу жоспарланып отыр. Менің ойымша, бұл спортқа баулитын жақсы жоба», - деді қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар