Алматы облыстық мәслихатына жаңа хатшы тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облыстық мәслихатына жаңа  хатшы тағайындалды. Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембінов аталған лауазымға сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 1959 жылы дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша - инженер-құрылысшы, экономист.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Казколхозспецстрой» тресінің №2 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері болып бастады. Кейін ауданаралық тауар базасының прорабы және директордың орынбасары, сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры, экономикалық келісімді реттеу облыстық қоры директорының орынбасары, Ескелді, Қаратал аудандарында әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі лауазымдарын атқарды.

2015 жылдың қаңтар айынан  бүгінге күнге дейін Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 

Соңғы жаңалықтар