Алматы метросынан жарылғыш зат табылмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында жарылғыш зат табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Сағат 22:49 минутта Алматының барлық метро стансаларында комиссиялық тексерістер аяқталды. Жарылғыш зат табылмады. Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Мегаполис метрополитені қалыпты жұмыс режіміне көшті», - деп хабарлады ІІД-нің ресми өкілі подполковник Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 19-дар шамасында полицияға анонимді телефон хабары түсіп, метро стансаларына жарылғыш зат қойылғаны туралы айтылған. Осыдан кейін полиция метродағы барлық жолаушыларды эвакуациялады . 

Соңғы жаңалықтар