Алматы метросына «бомба қойған» адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы метроға «бомба қойған» адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Ішкі істер органдары және Алматы мен Алматы облысы арнайы қызмет мамандарының біріге күш салуымен жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген Сарқанд қаласының тұрғыны анықталды. Оның бұл заңға қайшы әрекеті бұзақылықтан туындаған», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Енді сотқа дейінгі тергеу амалдарында жалған террорлық акті туралы (ҚР ҚК 273-бабы) хабар берген адамның әрекеті қаншалықты заңға қайшы екендігі анықталмақ.

Еске сала кетейік, кеше, 24 сәуір күні кешкі сағат 19 шамасында полицияға анонимді телефон хабары түсіп, Алматы меросына бомба қойылғаны туралы айтылған. Полиция және ТЖД мамандары Алматы метрополитеніндегі барлық жолаушыларды эвакуациялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар