Алматы мен 3 облыс прокуратурасында кадрлық тағайындаулар болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Алматы қаласы, Ақтөбе, Ақмола және Жамбыл облысы прокуратураларында кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағайындалушылардың барлығы прокуратура органдарының кадрлық резервінде тұрған.

Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Айдос Майлыбаев тағайындалды.

Айдос Серікханұлы 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Орта Азиялық университетін, Алматы халықаралық журналистика институтын және М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін заңгерлік, халықаралық журналистика және экономика мамандықтары бойынша бітірді.

2009-2012 жылдар аралығында Алматы облысы прокуратурасының Жамбыл және Панфилов ауданы прокуроры қызметін атқарды.

Тағайындауға дейін Жамбыл облысы прокурорының орынбасары лауазымында болды.

Жамбыл облысы прокурорының орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Жарқын Құсайынов тағайындалды.

Жарқын Қуанышұлы 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Алматы қаласы прокуратурасының Медеу, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура департаменті бөлімінің бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығы болды.

Тағайындауға дейін Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры лауазымында болды.

Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының лауазымына әділет кеңесшісі Мұрат Тілеубердиев тағайындалды.

Мұрат Әжінұрұлы 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Алматы қаласы аудан прокуратурасында прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығының орынбасары, Басқарма бастығы қызметтерінде еңбек етті.

Тағайындауға дейін Алматы қаласы прокуратурасында Қоғамдық мүддені қорғау басқармасында прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарды.

Ақмола облысының Көкшетау қаласы прокуроры лауазымына әділет полковнигі Қуат  Әбдіханов тағайындалды.

Қуат Аманбекұлы 1978 жылы Жезқазған облысының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша аяқтады.

Әр кезеңде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Қарағанды облысы және Астана қаласы прокуратураларының Басқарма прокуроры, Бас прокуратураның Департаменті Бөлімінің аға прокуроры қызметтерін атқарды.

2009 жылдың шілде айынан бүгінге дейін Бас әскери прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау басқармасының бастығы болды.

Соңғы жаңалықтар