«Алматы марафоны» аясында мүмкіндігі шектеулі 1500 балаға көмек көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылғы «Алматы марафоны» шарасы аясында жиналған қаражат Алматының 6 арнайы оқу орнындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға жұмсалады. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінен хабарланды.

Атап айтқанда, есту қабілеті нашар балаларға (естімейтін балаларға) арналған № 1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты, аяқ-қолы кемтар балаларға арналған № 2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты, Н.Островский атындағы зағиптар мен көзі нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернаты, сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған № 9 арнайы (түзету) мектеп интернаты, туберкулездің бәсеңдеу түрлерімен ауыратын балаларға арналған арнайы санаториялық үлгідегі № 15 мектеп-интернаты, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №13 түзету балабақшасы қажетті құрал-жабдықпен қамтылады.

«Алтыншы «Алматы марафонынан» жиналған қаржыға біз бірден алты балалар мекемесіне көмек жібереміз. Біздің ауқымды іс-шарамыздың қаражатының көп бөлігі осы мекемелердегі спорт залдары мен алаңдарын құру мен жабдықтандыруға жұмсалады, - деді «Алматы марафоны» ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.

Нәтижесінде бұл мекемелерде скалодромдар, футбол алаңдары, сенсорлық бөлмелер мен спорт жабдықтары пайда болады.

Оның айтуынша, шарға жарысқа қатыспайтын кез-келген адам да өз үлесін қоса алады. Ол үшін кез-келген соманы арнайы есеп-шотқа аударса ғана болғаны. Қайырымдылық шарасына үлес қосу үшін мына сілтемеге https://www.almaty-marathon.kz/ru/charity/qiwi өту керек.

Соңғы жаңалықтар