«Алматы марафонның» жеңімпаздары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа Республика алаңында «Алматы марафонын» ұйымдастырушылар жарыс жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең басты және ең ұзақ 42 шақырым 195 метр қашықтықта ерлер арасында Ислам Аманғос 1 орынды жеңіп алды. Сәйкесінше, екінші орынды - Ерлан Жанасанов, 3 орынды - Руслан Оглов иеленді.

Қыздар арасында 42 шақырым 195 метр қашықтықта Жанна Момыржанова топ жарды. Мәреге екінші болып - Айман Радова, үшінші болып - Наргиза Лебедева жетті.     

Сондай-ақ, сахнада 10 шақырым қашықтықта жүгірген марафоншыларға да жүлделер табысталды. 15-17 жас аралығындағы қыздар арасында 1 орынды - Мәдина Керімова, 2 орынды - Екатерина Иванова және 3 орынды - Әмина Оразбай жеңіп алды.

15-17 жас аралығындағы ұлдар арасында 1 орынды - Аманғос Яссауи, 2 орынды - Данияр Орманғали иеленсе, жүлделі 3 орынды - Колумбиядан келген қатысушы Гарсио Кастилья Хуан Себастьян жеңіп алды.
null 

18 және одан да ересектер санатында ерлер арасында Алексей Гусарев, әйелдер арасында - Светлана Саунина көш бастады.

Толық қорытынды мен өзге де қашықтықтар (21 шақырым, экиден) нәтижесі кешірек жарияланады. Турнир кестелері де үш күн ішінде әуесқой жарыс сайтында жарық көреді.

Биылғы марафонның жүлде қоры 1,9 млн теңгені құрайды.

Қашықтықтарға жүгірген барлық қатысушылар мәреші медалі табысталады. Жеңіске жеткен желаяқтарға тағы бір медаль мен ақшалай сыйақы беріледі.
null

null null null null null

null null

null  

Соңғы жаңалықтар