Алматы маңында құлаған ұшақ бортындағы бес адам қаза болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар радардан жоғалған Ан-28 ұшағын өртеніп жатқан кезде тапқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

2017 жылдың 3 қазанында 19 сағат 15 минутта Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында санитарлық авиация рейсін орындаған Ан-28 ұшағы құлап, өртенген. Бастапқы мәлімет бойынша, бортта болған 5 адам қаза тапқан.

Оқиға орнындағы Алматы облысының Өрт сөндіру қызметінің 12 маманы мен 3 арнайы техникасы өртті сөндіруде.

Еске салайық, бүгін Алматы-Шымкент бағытындағы Eastwing әуе компаниясының Ан-28 әуе кемесі, санитарлық рейсі сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықта локатордан жоғалып кетті. Бортта 5 адам болған. 

Соңғы жаңалықтар