«Алматы-Қостанай» пойызының 3 вагонынан ақау шыққан - ҚТЖ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының Есіл стансасында техникалық себептерге байланысты тұрып қалған «Алматы - Қостанай» жолаушылар пойызы 7 сағатқа жуық кешігіп келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі «Қазақстан Темір Жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдан Қостанайға аттанған жолаушылар пойызының «Есіл» стансасында тоқтап тұрғанын жазған болатынбыз.
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, вагон доңғалақтарынан ақау табылған.
«Есіл» стансасында 3 вагонның доңғалақтары ауыстырылды. Оның нақты себептері арнайы комиссияның шешімінен соң белгілі болады. Пойыз Қостанайға 6 сағат 58 минут кешігіп келді», - деп хабарлады «Қазақстан Темір Жолының» баспасөз қызметі.
Аталған пойыз құрамы «Түрксіб Астана» ЖШС-ына тиесілі. Еске салсақ, үш күн бұрын дәл осы жолаушылар пойызы «Есіл» стансасында кідірген тоқтаған. 

Соңғы жаңалықтар