«Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыз 5 сағат бойы тоқтап тұр

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Алматыдан Қостанайға шыққан жолаушылар пойызы «Есіл» стансасында тоқтап тұр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне жолаушылар хабарлады.

Тұрғындардың сөзінше, пойыз бүгін сағат 03:00 шамасында тоқтаған.

«Біз мінген пойыз бір тоқтап, бір жүріп келе жатты. Жолсеріктің айтуынша, доңғалағынан ақау шығыпты. Тұрғанымызға шамамен 5 сағаттан асты. Пойыз іші жылы болғанымен, дәретханалар жабық. Адамдарды сыртқа шығармай жатыр», - деп хабарлады Гүлнұр Мейрамқызы есімді жолаушы.

Еске салсақ, 15 желтоқсан күні «Алматы-Қостанай» жолаушылар пойызы Ақмола облысының аумағында тұрып қалған еді.

Соңғы жаңалықтар